фото: ашық көздерден
Алматы апортын бренд ретінде тіркеуге кемінде жарты жыл уақыт кетуі мүмкін. Әділет министрі Азамат Есқараев БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осылай мәлімдеді.
«Алматы апорты туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтқан едім. Қазір Әділет министрлігі бұл жұмысты қолға алып, Алматыдағы қауымдастықпен осы жұмысты іске асырып жатыр. Бізге олар тіркеу туралы арыз жіберген. Ол Алматы апортын Қазақстанның географиялық көрсеткіші ретінде бекітуге қатысты. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Азамат Есқараев.
Айтуынша, бұл шаруаға кемінде 4 ай уақыт кетуі керек.
«Кейін оны біз Қазақстанда, яғни, өз жүйемізде тіркеп, тиісті құжаттарды жинап, халықаралық деңгейде тіркеу бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Алматы апортын Қазақстанның географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу уақытты талап етеді. Себебі, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Онда бюрократиялық, салалық сұрақтар бар. Жұмыс халықаралық деңгейде жүргізіледі. Сондықтан біз құжаттарды жинап, қарауға толық пакетті енгіземіз. Кем дегенде жарты жыл керек. Оны біз World Intellectual Property Organіsatіon-ға (WIPO-ред), Дүниежүзілік зияткерлік меншікті қорғау ұйымының атына жібереміз», - деді министр.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через