Биыл Алматыда мұқтаж отбасылардан шыққан 19 мың оқушыға мектеп формасы мен кеңсе заттарын сатып алуға әкімдік 800 млн теңге бөліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Standard.kz.
Алматыда 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.
«Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады және «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған». Қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Қазірдің өзінде мектептерде оқушыларға оқу жылына дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін шұғыл желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон номері Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында көрсетілген». Қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады.
Фото: factum.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через