Биыл білім күніне орай өткізілген салтанатты жиында мектеп айналасын шармен безендіріп, оқушыларға көгершін ұшыруға болмайды.
Оқу-ағарт министрлігі бірнеше ереже ұсынып отыр. Яғни білім күнінде аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді шақырып, мерекелік дастархан жаюға да тыйым салынады. Тек ұстаздарға гүл сыйлауға рұқсат бар. Бірінші қыркүйек қарсаңында сол гүлшоқтары қанша тұрады?
Еліміздегі апатты күйдегі мектептерді ескермесек, қалған білім ошақтарында алғашқы қоңырауға қызу дайындық жүріп жатыр. Алайда оқу-ағарту министрлігінің ережесіне сәйкес, қызылды-жасылды шармен безендіріп, көгершін ұшыруға рұқсат жоқ.
Гүлмира Жомартпай, Түркісіб ауданы білім бөлімінің басшысы: - Безендірусіз өтпейді. Себебі, мектептің оқушылардың, мұғалімдерінің күшімен безендіріледі. Ол сатып алатын дүниені алмайды. Шар сатып алу керек болса, ол шардың керегі де жоқ. Шар экологияны, ауаны ластайды. Онсыз да әдеміәдемі безендіру, қолдан қағаздан жасалған гүлдермен баннерлер де бар.
Биыл да әдеттегідей ұстаздарға тек гүл сыйлауға рұқсат берілген. Бұл жаңалық флористерді қуантып отыр. Өйткені оқушылардың пандемия кезінде онлайн оқығаны гүл саудасына да кері әсерін тигізсе керек.
Маржан Қабдолданова, гүл дүкенінің иесі: - Астра деген букеттеріміз бар. Өте жақсы өтеді. Өйткені букет үлкен болады. Әдемі болады. Маусымға да сай. Ол тек қана жазда, күзде гүлдейтін гүл. Бағасын қымбаттатпаймыз. Керісінше, ата-аналарға қолжетімді бағамен гүл сатуға тырысамыз. Мысалы, көпбалалы аналар болады. Олар кішкене арзанырағын іздейді. Өйткені 3-4 баласы мектепке барады.
Әсіресе бірінші қыркүйек күні жасалған дайын гүл шоқтарын ата-аналар көптеп алады екен. Оның бағасы 4 мың мен 20 мың теңгенің аралығында. Ал раушан гүлдерінің түр-түсіне орай бір данасы 250 теңгеден басталып, 1200 теңгеге дейін жалғасады.
Саудагерлер білім күні қарсаңында өзімізде өсірілген раушандарға жеңілдіктер де жасайтынын айтып отыр. Сондай-ақ ережеде алғашқы қоңырауға аниматорларды, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды шақыруға, дастархан жаюға болмайтыны көрсетілген.
Биыл елімізде 3 жарым миллионнан астам бала мектепке барады. Соның ішінде 400 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1 сынып оқушылары.
Дерерккөз ktk.kz. фото: vsegda-pomnim.com, newsmiass.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через