Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды

Алғаш рет айға жеке ғарыш кемесі ұшырылды
фото: https://pixabay.com/ru/

       АҚШ-тың Intuitive Machines аэроғарыштық компаниясы жасаған Айға қону аппараты 15 ақпанда NASA-ның Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан көтерілді. Бұл туралы  «Америка дауысы» жазды. 

Бұл жарты ғасырдан астам уақыттан бері Айға қонған алғашқы американдық ғарыш кемесі және жеке компанияға тиесілі тарихтағы тұңғыш ғарыш кемесі болады деп күтілуде.

Odyssey деп аталатын Nova-C қондырғышы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 1-де (Астана уақыты бойынша 12-де) Илон Масктың SpaceX компаниясы жасаған Falcon 9 зымыранының бортында ғарышқа ұшып кетті.

Биіктігі 25 қабатты ғимараттың биіктігіндей екі сатылы зымыранның ұшыру алаңынан көтеріліп, Флориданың Атлант мұхиты жағалауында қараңғы аспанға ұшып бара жатқанын NASA мен SpaceX тікелей эфирден көрсетті.

Бастапқыда ұшыру 14 ақпанға жоспарланған болатын, бірақ құрылғының қозғалтқыш жүйесінде қолданылатын сұйық метанның қалыпты температурасына байланысты ол 24 сағатқа кешіктірілді.

SpaceX бұл мәселе кейінірек шешілгенін хабарлады.

ҚазАқпарат