Әлеуметтік желіде сәби саудасы қызып тұр

Әлеуметтік желіде сәби саудасы қызып тұр

        «Астана» телеарнасының хабарлауынша, қазір әлеуметтік желіде жұрт ашықтан-ашық «бала асырап аламын, рақметім болады» деп жазса, енді бірі «300 мың теңге беремін» деп жаңа туған сәбиге нақты баға қойған. «Жазыңдар, бере саламын» дейтін тасбауыр әйелдер мен делдалдар да кездеседі.

       Қазақстанда сәбиді саудалағандарға 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

       «Бала сату ауыр және аса ауыр қылмыстардың түріне жатады. Ең ауыр жаза 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аға жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов.

       Департамент өкілінің айтуынша, көбіне бұл қылмыс түрі жасырын істеледі. Көрген, не естіген адамдардың, куәгерлердің ақпараттандыруы арқылы жедел іздестіру шараларымен анықталады. Айтуынша, соңғы 5 жылда бала сатудың 44 дерегі анықталып, 44 тұлға жазаланған. Биыл 9 қылмыстық іс тіркелген.

       Turkystan.kz