Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы небәрі 10 жыл ішінде күрт төмендеген. Дейтұрғанмен салыстырмалы түрде айтар болсақ,осыдан он жыл бұрын біздің орташа жалақымыз - 91 мың теңге болған екен. Ал 10 жылдан кейін 2021 жылы 251 мыңға дейін көтерілген. Қазақстандықтардың орташа жалақысы 251 мың теңге екеніне сену қиын әрине. HeadHunter сайтының мәліметі бойынша, сол жерде көрсетілген вакансиялардың орташа жалақысы - 180 мың теңгеге жуық екен. Алайда сарапшылар статистикалық мәліметтерге сүйене отырып мынандай деректерді алға тартады.
Қазақстандықтардың 10 жылдың ішінде орташа жалақысы 2,5 есеге өскен. Ал, негізінде азық-түлікті алсақ та, көлік немесе үй мәселесіне келетін болсақ та, баға 2,5 есеге емес, 3-3,5 есеге көтерілген. Бұдан шығатын қорытынды, біздің экономикамыз импорттау болғаннан кейін доллар курсына тәуелділік туындап отыр. Бағалардың шарықтауы да осыған байланысты. Осы орайда орташа айлығымызды он жылдың ішінде доллармен қалай өзгергенін байқап көрейік: 2011 жылы орташа жалақымыз $626 доллар болған. Биылғы жылы $590 долларды құрайды. Доллармен салыстырып көрсек, жалақымыз әжептәуір төмендеп кеткен.
Ал, еліміздегі ауқатты жандардың жағдайларын көретін болсақ, 2021 жылы біздің ең ақшалыларымыз мықты байлыққа қол жеткізген . Айталық, Forbes-қа енген топтың жалпы соммадағы ақшасы 24 млрд-тан 37 млрд-қа дейін өскендігін байқаймыз. - Шын мәнінде, бұдан байдың -- байға. сайдың – сайға құйылатынын көруге болады. Қалай дегенде де мемлекеттік саясатты дұрыстауымыз керек. Сіз қандай ой қосасыз құрметті оқырман.?
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через