Киіз үй үйлесімді болғаны соншалық, көшпенділерді ғана емес, бүкіл әлемді сүйсіндірді. Бүгінгі таңда бұл әлемдік туризмнің өзгеше трендіне айналды.
Киіз үйлер сонау Шыңғысхан заманынан бері еш өзгермеген десе болады. Оларды жинау, тасу және қайта құру оңай. Осы бір мүмкіндіктер оны өте ыңғайлы етеді.
Ендеше Орта Азиядан бөлек киіз үйде тұруға болатын орындарға тоқтала кетейік.
District Rovaniemi
Рованиеми, Финляндия
Бұл қонақ үйде арктикалық атмосфера көшпенділер рухымен үйлесім тапқан. Әр киіз үйде әйнектен жабылған шаңырағы бар, осы арқылы сіз төсектен тұрмай-ақ теріскейдің шұғыласын тамашалай аласыз. Әрине киіз үйден бөлек бұл демалыс орнында скандинав атмосферасын сезіну үшін сіз саунаға да түсуге болады.
Three Camel Lodge
Гоби шөлі, Моңғолия
Киіз үй жиі кездесетін бұл елде жергілікті тастардан душы бар қос киіз үйде демала аласыз. Лоджияда бар, мейрамхана, спа-салон, ат қора да бар. Қонақтар Гоби шөлінің атақты жерлерін - Лапылдаған жартастар, айғайқұмдар, Йол шатқалы мен қола дәуірінің петроглифтарын барып тамашалай алады.
The Vermont Retreat
Патни, Вермонт
Аумағы алты акр, шалғайдағы фермада бүкіл жиһазы бар киіз үй - табиғатты сүйетіндердің арманы. Американың орман пейзаждары әр қазаққа таныс киіз үйлермен әдемі үйлескен. Мұнда қаладағыдай шалқу жоқ, дегенмен Wi-Fi, даладағы душ, кішкене бақша мен ағаш пеш бар.
Lapland Yurts
Боден, Швеция
Лапландиялық киіз үйлер - қысқы демалысқа тамаша таңдау. Күндіз шаңғы тебесіз және қармен жүретін көлікпен жүре аласыз, ал түнде теріскейдің шұғыласын тамашалауға болады. 24 сағат бойы жарық болып тұратын күн, кез келген уақытта жаяу немесе каяктарда серуендеуге болатынын білдіреді, егер жайлы киіз үйден шыққыңыз келсе.
Bell Lake Yurt
Бозман, Монтана, АҚШ
Әйгілі Бранхама шыңына жақын орналасқан алты орындық киіз үй тәжірибелі саяхатшыларға арналған. Монтананың түпкіріне жету үшін біраз тер төгу керек. Өйткені киіз үй теңіз деңгейінен 8500 фут биіктікте орналасқандықтан оған тек шаңғымен жетуге болады.
Wylder Hope Valley
Хоуп аңғары, Калифорния, АҚШ
Уайлдер-Хоуп алқабындағы киіз үй - қонақ үйдегі демалыстан артық. Саут-Лейк-Тахо жағалуынан 20 минуттық жерде, биік тау бөктерлерінде орналасқан қонақ үй белсенді демалысты сүйтенідер үшін жасалған.
Longitude 131°
Юлара, Аустралияның солтүстігі
Аустралиядағы ең тамаша "киіз үйлердің" бірі ЮНЕСКО әлемдік мұрасы саналатын Улугу-Ката Тьюна ұлттық паркінің маңында орналасқан. Олар толықтай әйнектен жасалған. Онда үлкен төсек, ванна мен душы бар жеке бөлме, жеке балкон және басқа да жайлылық бар.
Дереккөз Tengritravel.kz . Фото tengritravel.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через