Әлемдік танымал бренд өз жарнамасында қазақтың ұлттық оюын қолданды

Әлемдік танымал бренд өз жарнамасында қазақтың ұлттық оюын қолданды
фото: https://sputnik.kz

Әлемдік танымал бренд өз жарнамасында қазақтың ұлттық оюын қолданды

Қазақстандықтар әлемге әйгілі Dior сән үйінің жазбасының астына белсенді түрде пікір қалдырып жатыр.

Республика азаматтарының белсенді болуына люкс маркалы жаңа етіктердің жарнамасы себеп болды.

Dior жариялаған суретте модель ат үстінде отыр, ал ер-тұрманға қазақтың ою-өрнегі бар орамал байланған.

Қазақстандықтар ұлттық ою-өрнек бар суреттің астына пікір қалдырды. Олардың кейбірі сән үйіне алғашқылардың бірі болып ат тізгіндеген көшпелі қазақтарға құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.