Кейбірі арнайы мақсатта құрастырылса, енді біреулерін жәй ерекшелену үшін ғана жасап шығады.
Әдетте, ең үлкен көлік құралдары тау-кен өнеркәсібінде ауыр жүктерді тасымалдауға немесе бұрғылауға арналып шығарылады. Қазір ондай көліктердің арасында алып өлшемімен таңғалдыратындары да бар. Жалпы, алып автомобильдердің кейбірі арнайы мақсатта құрастырылса, енді біреулерін жәй ерекшелену үшін ғана жасап шығады. Осы орайда, оқырман назарына әлемдегі ең үлкен көліктерді ұсынып отырмыз.
Bagger 288
Бұл 1990-шы жылдары шығарылған, биіктігі 90 метр, ені 36 метр және салмағы 14200 тонна болатын алып көлік. Ол 24 сағат ішінде 240 000 м3 тау жыныстарын өңдей алады. Ал, мұншалықты өнімді тасымалдау үшін 3 822 КАМАЗ немесе 2 400 вагон қажет болады екен. Бір таңқаларлығы – алып көлік жерге көп қысым да түсірмейді. Өйткені ол ені 4 метрлік 12 тірек жолымен жабдықталған. Гигант көліктің жұмысын 16,5 МВт электр энергиясын тұтынатын 16 электр қозғалтқышын басқарады (бұл бір елді мекенді қуаттандыру үшін жеткілікті).
Goliath 2570W
Бұл экскаватор да әлемдегі ең үлкен машиналардың бірі. Оның биіктігі 65 метрге, ал салмағы 6775 тоннағажетеді. Көлік күні бойы 48 000 тоннаға дейін өнім тасымалдайды екен. Және 35 метр тереңдіктегі көмірді өндіре береді.
Komatsu D575A-3 sd
Komatsu D575a-3 sd бульдозерлерін Канада, Австралия және Американың ең ірі тау-кен кәсіпорындары кеңінен қолданады. Онда бұл көлік «Super Dozer» деген лақап атқа ие болған. Көліктің үлкен болғаны соншалық (салмағы-153 тонна, ұзындығы — 11,72 метр, ені — 7 метрден астам), оны тасымалдау үшін бөлшектеуге тура келеді екен.
Liebherr Mamont LTM
Liebherr Mamont LTM – құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын әлемдегі ең үлкен кран. Оның негізгі сипаттамалары: 1 200 тонна жүк көтере алады, көтергіш «жебесінің» ұзындығы – 100 метр, жүкті 188 метр биіктікке көтере алады және жолда жылдам жүре алады.
БелАЗ 75710
Өз салмағы 350 тонна, ал тасымалдай алатын жүгі 450 тоннаға дейін жететін бұл самосвалдың биіктігі екі қабатты ағылшын автобусы сияқты, ал қозғалтқышы кез-келген «Формула 1» сайысына қатысатын көліктердің қозғалтқышынан екі есе қуатты болып келеді. Оның әр дөңгелегі 120 тоннаға дейінгі салмаққа төтеп бере алады.
Liebherr T282B
Liebherr T282B – әлемдегі үлкен жүк көліктерінің бірегейі. Көліктің биіктігі 4,5 метр, ұзындығы 9 метр, ені 7,4 метр және салмағы 592 тоннаны құрайды. 64 км/сағ жылдамдықпен қозғала алатын көлік 363 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қабілетті. Машина 20 цилиндрлі, көлемі 90 литрлік, 3650 ат қуатына ие Detroit Diesel қозғалтқышымен жабдықталған. Сондай-ақ, инженерлер көлікті алдыңғы және артқы дискілік тежегіштермен жабдықтаған.
БелАЗ 75601
БелАЗ 75601 көлігі 2010 жылы Беларусь зауытының бас дизайнерінің 50 жылдығына орай құрастырылды. Ол 360 тонна жүкті тасымалдай алады. Және жолда 64 км/сағ жылдамдықпен қоззғала алады.
Caterpillar 7907В
Caterpillar 7907В карьерлерде жұмыс істеу үшін жасалған самосвалдар арасында жүк көтергіштігі бойынша екінші орында тұр. Көлік, 345 тоннаға дейінгі жүкті тасымалдауға қабілетті. Сондай-ақ, 7 сатылы беріліс қорабының арқасында жылдам қозғалады және өте төмен температураға төзімді.
Terex 33-19 Titan
Канадалық Terex 33-19 Titan жүк көлігі 1970 жылдардың ортасында әлемдегі ең үлкен автомобиль болып саналған. Салмағы 235 тоннаны құрайтын самосвал 350 тоннаға дейінгі жүкті көтере алады. Көліктің максималды жылдамдығы сағатына 48 шақырым. Көлік қосымша 4 қозғалтқышпен жабдықталған.
Terex 33-19 Titan
Канадалық Terex 33-19 Titan жүк көлігі 1970 жылдардың ортасында әлемдегі ең үлкен автомобиль болып саналған. Салмағы 235 тоннаны құрайтын самосвал 350 тоннаға дейінгі жүкті көтере алады. Көліктің максималды жылдамдығы сағатына 48 шақырым. Көлік қосымша 4 қозғалтқышпен жабдықталған.
Ernur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через