Әлемдегі ең үлкен 5 метро станциясы

Әлемдегі ең үлкен 5 метро станциясы
фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Адам өмірін жеңілдеткен көлік түрінің бірі - метро. 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда әлемдегі алғашқы 6 шақырымдық метро желісі іске қосылды. Қаладағы ең жылдам транспорт болғандықтан, қоғамдық көліктің жаңа түрі бірден танымал болды.

Назарларыңызға қазіргі кездегі ең үлкен метрополитендер жайлы қызықты мәліметтер ұсынамыз.

ПАРИЖ

Ашылуы: 1900 жыл

Станциялар саны: 303

Париж метрополитені - өзінің айрықша безендіруімен танымал. Станциялардың көпшілігін дизайнер Эктор Гимаро модерн стилінде жасаған. Әсіресе, метроға кіреберістегі шегірткенің басына ұқсайтын шамдар көпшілікті таң-тамаша етеді.

Париж метросының станциялары өте ыңғайлы орналасқан: қаланың кез келген жерінен метроға дейін 500 метрдей жаяу жетуге болады. Тағы бір ерекшелігі - көптеген желінің вагондарындағы есіктер автоматты түрде ашылмайды. Тек жолаушы есіктегі жасыл түймені басқан соң немесе есікке бекітілген металл тұтқаны көтергеннен кейін ғана ашылады.

БЕЙЖІҢ

Ашылуы: 1969 жыл

Станциялар саны: 370

Бұл әлемдегі ең ұзын метрополитендердің бірі болып саналады. Вагон негізінен қытайлықтарға ғана жарамды деседі, себебі бойы орташа кісілерге арналған екен.

Сондай-ақ жол жүру билетін метродан шыққанша сақтаңыз. Өйткені шығар кезде оны алып қалып, қайта пайдаланады.

ШАНХАЙ

Ашылуы: 1993 жыл

Станциялар саны: 413

Ол метро сызықтарының (линия) ұзындығы бойынша бірінші орында (барлығы 660 км) тұр.

Сонымен қатар жарықдиодты таблолар мен сұйық кристалды мониторлары бар аталмыш транспорт әлемдегі ең заманауи метрополитен болып саналады.

СЕУЛ

Ашылуы: 1974 жыл

Станциялар саны: 429

Әрбір станцияда балалары аналарға арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар 2016 жылы барлық вагондарда жүкті әйелдерге арналған арнайы қызғылт орындықтар пайда болды.

Жол жүру құны - сіз қанша шақырым жүретіндігіңізге байланысты. Әр 5 км үшін 100 вон қосылады.

НЬЮ-ЙОРК

Ашылуы: 1904 жыл

Станциялар саны: 472

Қызық факт: күн сайын Нью-Йорк метросынан Дания тұрғындарынан да көп адам жүріп өтеді.

Халықтың көпшілігі пойыздардың қозғалысы мен кідірісі туралы ескертетін арнайы қосымшаларды пайдаланады.