фото: ngs.geology.kz
Әлемдегі ең қымбат металл саналатын Осмий-187 изотопы тек қана Қазақстанда өндіріледі. Бірақ, оның өндірісіне қатысты мәліметтер — мемлекеттік құпия.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тәуелсіздік жылдары ішінде осмийдің қанша көлемі өндірілгенін, экспортқа қандай бағамен және қай елдерге шығарылатын сұрап, сауал жолдаған едік.
«Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10 тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады», — деп жауап берді ведомстводан.
Осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі.
Осы 7 изотоптың ішінде Осмий-187 тек елімізде ғана өндіріледі.
Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан басталып, 200 мың долларға дейін жетеді.
Табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Бұл элементті 9 ай бойы өндіреді.
Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады.
Дереккөз inform.kz. Фото codigooculto.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через