фото: pexels.com
Бұл Mazda көлігінің артқы есігі және ол 200 мың долларға сатылуы мүмкін.
Бұл есік 1990 жылдардың аяғында Mazda Protege көлігіне орнатылған. Терезенің ішкі жағынан Mazda логотипін, сондай-ақ есіктің түпнұсқа қоңыр әрлеуін көре аласыз.
Бірақ ең бастысы – есіктегі сурет деп сеніммен айтуға болады. Көше суретшісі Бэнси онда аспанға қарап тұрған адамды салған.
Енді есік премиум-седаннан да әлдеқайда қымбат болуы мүмкін. Аукцион үйі есіктің болжамды бағасын 100 000 доллардан 200 000 долларға дейін көтеріледі деп бағалап отыр.
Бұл өнер туындысына кімнің нақты қанша төлейтінін 15 ақпанда аукцион аяқталғанда білеміз. Әзірге лоттың бастапқы бағасы белгілі – Ол $25 000 доллар, біздің валютаға шаққанда 11 млн 400 мың теңге.
Есік Бэнсидің бастапқы туындысының бір бөлігі ғана. «Тентек тұлпар» деп аталатын толық сурет өте қорқынышты соғыс көрінісін бейнелейді. Көлікте жоғары қарап тұрған адамдар бейнелеген. Бастапқы нұсқада Мазданың үстінде тағы бір көлік тұрған – бұл көлікте түнгі көзілдірік киген аттардың шауып бара жатқаны суреттелген.
Сондай-ақ картинада 2007 жылы Ирактағы әуе шабуылының аудиожазбасын ести алатын телефон нөмірі болды. Apache тікұшағымен жасалған бұл әуе шабуылы «Тентек тұлпар» деп аталған еді. Соғыс қимылы суретшіге шабыт сыйлаған секілді.
Картинаның қалған бөлігінің қайда екені белгісіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через