фото: guideconsultants.com
Сингапур паспорты 2023 жылы әлемдегі ең «мықты» құжат атанды – оның иесі әлемнің 193 еліне визасыз сапарлай алады.
Жапония жаһандық қозғалыс еркіндігін өлшейтін Henley Passport Index рейтингінде бес жыл бойы Жапония көш бастап тұрған.
Бірақ 2023 жылдың жазына қарай Жапония үшінші орынға түсіп, титулдың жаңа иегері Сингапур болды.
Бұл елдің азаматтары әлемнің 227 елінен 193-іне визасыз бара алады.
Биыл Қазақстан индексте 66-шы орында тұр, еліміздің азаматтары 77 елге визасыз сапар жасай алады.
Айта кету керек, біздің ел индексте айтарлықтай көтерілген – былтыр ол тізімде 73-ші орында тұрған еді.
Азия елдері Лондондағы Henley & Partners жаһандық консалтингтік фирмасы құрған индексте ұзақ уақыт бойы үстемдік етті.
Бірақ биыл Германия, Италия және Испания 190 бағытқа визасыз сапарлау құқығын алып, екінші орынға көтерілді.
Жапония мен Оңтүстік Корея Австрия, Финляндия, Франция, Люксембург және Швециямен қатар үшінші орында. Осы керемет «жетіліктің» азаматтары алдын-ала визасыз 189 бағытқа жүре алады.
2014 жылы тізімде бірінші орында тұрған Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания индексте төмен түсті.
Ұлыбритания екі саты төмен түсіп, рейтингте 4-ші орынға ие болған. АҚШ тағы екі саты төмендеп, 8-ші орыннан көрінді.
Оның азаматтары 183 визасыз бағыт бойынша сапарлай алады.
Ауғанстан азаматтары алдын ала визасыз тек 27 бағытқа, Ирак 29 бағытқа, Сирия азаматтары 30 елге бара алады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото guideconsultants.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через