фото: ВВС
Португалияда Боби атты әлемдегі ең кәрі ит өлді. Ол 31 жыл өмір сүрді. Тұқымы – португалиялық мастиф (классикалық атауы Рафейру Ду Алентежу).
11 жыл – жақсы көрсеткіш, 13 – керемет жетістік, ал 16 жыл – нағыз бағы барлар өмір сүреді, себебі адам жасына шаққанда бұл 120 жаспен пара-пар.
31 жыл әлі бірде-бір ит өмір сүрмеген. Қарапайым арифметикаға сүйенсек, Боби кем дегенде 240 жас жасаған.
Жануардың өлімі туралы оның емімен айналысқан ветеринар Карен Беккер мәлім етті.
Иттің өлімінен кейін алғашқы болып Гиннес рекордтар кітабынан хабарласқан. Биылғы 2 ақпанда рекордтар кітабы Бобиді адамзат тарихындағы ең кәрі ит деп таныған еді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через