Әлемдегі ең ерекше 6 жұмыс

Әлемдегі ең ерекше 6 жұмыс
фото: https://turkystan.kz

Фото:hayleyshephard.blogspot.com

Әлемде екі қолға бір күрек табылатын жұмыс көп. Заман ағымына сай күнде жаңа мамандықтар да пайда болады. Қаржыгер, заңгер, мұғалім іспетті маман иелері көп екені белгілі. Ал құлап қалған пингвиндерді аудару және жалдамалы туысқан туралы естіп пе едіңіз?

 

Тримидатор

Бір қызығы, бұл мамандық ата-әжелеріміздің жастық шағында да болған. Тек ол кезеңде бұл мамандық бейресми және жай ғана «кезекте тұрған адам» деп аталған. Кеңес дәуірінде кей өнімдердің тапшы болғаны бәрімізге мәлім. Адамдар дефицит өнімдерді алу үшін дүкеннің алдында ұзын-сонар кезекке жиналған. Сағаттап тұрудан шаршағандарға ақылы түрде «көмектесетін»  адамдар болған.

Айта кетсек, Англияда тримидатор мамандығы әлі де сұранысқа ие. Мұндай мамандық иелері өз клиентінің орнына кезекте тұрады, жалақысы да жоғары – сағатына шамамен 40 доллар.

Фото:greelane.com

Жолаушыларды тығындап тұру

Басқаша бұл мамандық «осия» деп аталады. Бұл саладағы мамандарды тек екі қалада — Мадрид пен Токиода кездестіре аласыз. Олардың міндеті – жолаушылар ағымы көп кезде пойызға немесе метроға сыймай жатқан адамдарды итеріп тұру.

Бұл жұмысты әдетте студенттер  атқарады.

Фото:art-assorty.ru

Ірімшік тыңдаушы

Бұл мамандық иелерін ірімшіктің белгілі бір түрі – пармезан үшін жалдайды. Себебі пармезан өте ұзақ піседі және оның дайындығын тек дыбыспен анықтауға болады. Ірімшік тыңдаушысы пармезанды күміс балғамен ұру арқылы піскенін анықтайды. Егер дыбыс қатты және айқын болса, онда ірімшік дайын, оны дүкен сөрелеріне қоюға болады.

Фото:tourister.ru

Аурухана клоуны

Ауыр дерттен емделетін адамдардың басым бөлігінде апатия болады.  Ал ауруханада жатқан балалардың төрт қабырғада іші пысады.

Бұл жағдайда көмекке клоун келеді. Ол палаталарды аралап, пациенттердің көңілдерін көтеріп, фокус көрсетіп, анекдоттар айтады.

Фото:khakasia.info

Құлап қалған пингвиндері тұрғызу

Бұл мамандар әуеде ұшып бара жатқан ұшақтарды тамашалаймыз деп арқасынан аударылып қалған пингвиндерді көтереді. Бір қызығы, пингвиндерге адамдар көмектеспесе, олар өз күштерімен аяқтарына тұра алмайды екен. Егер бұл мамандық иелері болмағанда пингвиндер аштан өлер ме еді?

Фото:Twitter

Жалдамалы туысқан

Жақындарыңыз алыста, ал алдағы демалыста той немесе туған күн бола ма? Онда сізге көмекке ақылы түрде мерекеге қатысып, қуанышыңызға ортақтасатын адамдар бар.

Мұндай қызмет Қытайда жақында ресми түрде пайда болды. Бірақ іс жүзінде әлемде бұрыннан бері таралған.

Деректер ғаламтордан алынды