Соңғы уақытта әлемде крассоверге сұраныс артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында Еуропада тіркелген осындай көліктердің үлесі 50 пайызға жетсе, АҚШ-та 53, Қытайда 47 процентті көрсеткен.
Биіктеу әрі қолдануға ыңғайлы болғандықтан кроссоверлердің танымалдығы артып келеді.
В және С санатындағы кросоверлер Еуропа мен Қытай нарығын жылдам жаулап алды. Бұлар- бағасы қымбат емес, эккономикалық жағынан тиімді, қалада жүргенге ыңғайлы көліктер. Қайталап айтсақ, бастысы арзандау әрі тиімді. База толық жетекті жүйемен қамтылмаған. Үнемшіл сатып алушыларға толық жетекті көліктің қажеті жоқ. Адамдар көбінесе үйреншікті, сыры мәлім алдыңғы бөлік тартатын көлікті таңдайды. Яғни, алдыңғы бөлігі тартатын кроссоверлер біріншіден арзан бағасымен ұтып тұр. Екінші жағынан үнемді. Жүргізушілердің көбісі тас жолмен жүреді, ой-шұңқыры көп жолға түсе бермейді. Ендеше пайдаланбайтын жүйеге артық ақша төлеудің қажеті қанша?
Мамандар, сонымен қатар, сирек бұзылатын шағын кроссоверлерді анықтады.
Auto Bild басылымы жариялаған рейтинг техникалық бақылау ұйымының мамандарымен бірге жасалған.
Сарапшылардың мәліметінше, Duster-дің екінші буыны жолда жиі бұзылады. Бұл машинаның жарық беру және тежеуіш жүйесінен ақау шығады. Мамандар Nissan Jukе-ті нашар бағалады. Жапониялық көлік Қазақстанда танымал болғандықтан, оған қатысты пікір біз үшін маңызды. Білгіштер оның әлсіз аспасына шүйлікті.
Renault Captur, Suzuki Vitara мен екінші буындағы Nissan Qashqai анағұрлым жоғары бағаланды.
Сарапшылар 2015 жылы сатылымға шыққан Mazda CX-3 пен Audi Q3-ті ең сенімді кроссоверлер қатарына қосты.
Фото: foto.carexpert.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через