Жаңа Зеландия әлемде бірінші болып болашақ ұрпақ үшін темекі шегуге тыйым салатын заң қабылдады.
2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін дүниеге келгендердің барлығына Жаңа Зеландияда темекі сатылмайды. Салған тыйым бұзылған жағдайда 150 мың Жаңа Зеландия долларына дейін (шамамен 96 мың доллар) айыппұл салынады.
Темекі өнімдері тек мамандандырылған темекі дүкендерінде сатылады. Темекі сатуға рұқсат етілген дүкендер саны 6 мыңнан 600-ге дейін азаяды. Сонымен қатар, заң темекі өнімдеріндегі никотиннің үлесін шектеуді қарастырып отыр.
Заңның мақсаты - жастардың темекіге әуес болмауының алдын алу және темекі өнімдерінің пайдасы аз екенін көрсету, делінген Жаңа Зеландия Парламентінің сайтында.
Ресми түрде жаңа заңнамалық норма елдің генерал-губернаторы Синди Киродан "корольдік мақұлдау" алуы керек.
Айта кетейік, Жаңа Зеландияны "темекі шегуден босату" жоспары темекі өнімдерінің ел халқына тигізетін зиянын жоюға бағытталған көптеген жылдар бойғы қажырлы еңбектің жемісі болды.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через