фото: https://baq.kz
Әлемде 14 млн жуық бала ашқұрсақ жүр
БҰҰ-дағы ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметі бойынша, әлемде 5 жасқа толмаған 14 млн жуық бала аштықтың зардабын тартып жатыр.
Оның басым бөлігі гуманитарлық дағдарыс болған елдерде тұрады. Бүгінде Эфиопия, Бангладеш, Үндістан мен өзге өңірлерде жағдай қиын. Салдарынан балалар арасында қауіпті аурулар белең алып жатыр. Африканың шығыс бөлігіндегі елдерде аштықтың ушығуына аймақтағы қуаңшылық басты себеп болып отыр. Онда аптап ыстықтан 10 млн жуық бала зардап шегіп отыр. Оның 2 миллионы дәрігерлердің шұғыл көмегіне мұқтаж.
Ал Ауғанстанда 1 млн астам бала тойып тамақ ішпейді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе артық көрсеткіш.
БҰҰ мамандары апатты өңірлерге көрсетілетін көмек жыл өткен сайын азайып бара жатқанын айтады. Бұлай жалғаса берсе 2028 жылға дейін ахуал одан бетер нашарлауы мүмкін делінген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через