Алматы қаласындағы «Алем Сити 1» тұрғын-үй кешенінде 10-шы блокта орналасқан электр қалқандарының бірі өртенді. Бұған ең арзан және сымдардың пайдалануы себеп болған. Құрылғы жүктемеге төтеп бере алмаған.
Ресми түрде «Алем Сити-1» тұрғын-үй кешені қаңтар айында пайдалануға берілген. Мұнан бөлек, тұрғындар қыс бойы тоңып шықты. Өйткені, жылыту жүйесі тек 60% қуатымен жұмыс істеген.
Жауапты мекеме басшылары тұрғындардың талаптарын қанағаттандыра алмай отыр. Олар 1-ші тамызға дейін бұл мәселені шешуге уәде берді.
Төтенше жағдай салдарынан енді жаңа «Alem city-1» кешенінде су жылытқыш қазандықтарды қолдануға болмайды. Өйткені, электр сымдары жүктемеге төтеп бере алмайды. Соның салдарынан тұрғындар ыстық сусыз қалды. Амалы құрыған азаматтар ыстық суды тек шәйнекте қайнатып, пайдалануға мәжбүр.
Шұғыл құрылған комиссия тұрғын-үй кешеніндегі жертөлелерді тексеріп, ақау себептерін анықтамақ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через