фото: Hector Vivas / Getty Images
Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо сенбі күні кешке Сальвадорда өткен 72-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы атанды.
Екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді.
«Әлем аруы» — жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық конкурс және әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Биыл оған 80-нен астам елден жиналған қыздар қатысты.
Шейнис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды.
Ол 2000 жылғы 31 мамырда Никарагуаның Манагуа қаласында дүниеге келген. Паласиос Орталық Америка университетінде бұқаралық коммуникациялар мамандығы бойынша білім алды. Сол уақытта университет атынан волейболға қатысты. Бойы — 1,8 метр.
Айта кетейік, «Әлем аруы» байқауына Қазақстан атынан алматылық 20 жастағы Томирис Заир де қатысты. Алты тілде сөйлейтін оның ұлты — қазақ. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Томиристің бойы 179 сантиметр, салмағы 52 келі.
Іс-шара байқаудың YouTube арнасынан https://www.youtube.com/missuniverse көрсетілді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через