Қазақстан алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде мәлім етті.
«Елімізде цифрлық трансформацияны қолдау үшін реформалар жүргізуге кірістік. Бұл жұмыстарды бүкіл әлем мойындап отыр«, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіреді, сондай-ақ онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 11-орында.
Елге тартылатын тікелей шетелдік инвестицияларға тоқтала Президент:
«Алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз», - деді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұстанымы қандай екенін мәлім етті.
«Қазақстанның ұстанымы өте қарапайым және айқын – біз нөлдік сомасы бар ойындарға сенбейміз. «Үлкен ойындарға» емес, Еуразияның жүрегіндегі барлық адамдар үшін «Мол пайдаға» ұмтыламыз», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Фото: kazlenta.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через