фото: https://pixabay.com/ru/
Ресейдің Дубна қаласында тәлім алып жатқан қазақстандық физиктер Менделеев кестесінің 120-шы элементін жаңалық етіп ашуға жақын.
Алдын ала жасалған болжамдарына сәйкес, ғылымдағы жаңа белгі «хром54» пен «кюрий 245» химиялық ауыр элементтердің қосындысынан шығуы тиіс.
Жас ғалым Арынбек Ерсұлтан мидағы липид және ақуыздардың өзара байланысын зерттеп, Альцгеймер мен Паркинсон ауруларын алдын алу бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Осылайша ол әлемде әлі емі табылмаған ауыруға шипа тауып, ғаламдық медицинаға үлес қосуды көздейді.
Дубнадағы Біріккен ядролық зерттеу институтында 5 мың қызметкер болса, оның жүз шақтысы қазақстандық физиктер. Олардың орта жасы - жиырма сегіз. Барлығының да ғылым саласында жаңалық ашуға деген құлшынысы зор.
Қазақ физиктері зерттеу жұмыстарына жұмыла кіріседі. Талай рет халықаралық ғылыми жобаларды сәтті қорғап, оың іс жүзінде жүзеге асуына үлес қосты. 200-ден астам бірлескен жұмыс жарыққа шықты. Ал ең үлкен мақсаттары: Менделеев кестесінің шегін анықтау
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через