Алаяқтықтың кең тараған түрлері мен арбау әдістері

Алаяқтықтың кең тараған түрлері мен арбау әдістері

      Бүгінгі таңда интернет алаяқтарының кең тараған арбау әдістерінің бірі – олх.kz жеке хабарландыру сервисі арқылы тауар сату. Олар тауарды сату және сатып алу арқылы пайда табады. Тауарлар шын мәнісінде жоқ болуы мүмкін. Ең алдымен өздерінің басқа қалада екенін айтады. Ақшаны картаға аударуын сұрайды. Және де сілтеме жіберемін сол бойынша мәліметтерді толтырсаңыз, ақшаны аударамын деп сендіреді. Сілтемені толтырған кезде алаяқтар автоматты түрде картаңыздағы ақшаны шешіп алады. Өз картаңызды басқара алмай қаласыз. Сондықтан олх.kz арқылы тауар сатсаңыз және сізбен сатып алушы хабарласып курьерлік жеткізу қызметі арқылы тапсырысты рәсімдеу сілтемесі арқылы өтуді сұраса, сенбеңіздер! Ол – алаяқтар. олх.kz сайтында жеткізу қызметі жоқ.

      Күніне біздің Киберқылмысқа қарсы бөлімге орта есеппен 10 іс тіркелсе, оның 7-8-і осы тауар сатуға қатысты. Оны анықтау үшін банктердің көмегіне жүгінеміз. Қандай счеттан ақша аударылымы болғанын анықтау арқылы ғана біз қылмыскердің ізіне түсеміз. Кей кездері банктерден жауап болмай іс өзіне берілген мерзімде ашылмай жабылып жататын жағдайлар болады, – дейді  Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Криминалдық Полиция басқармасының Киберқылмысқы қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Нұргүл Күмісбекқызы.

    Екінші арбау тәсілі – биржа арқылы ақша табу. Бүгінде биржа арқылы ақша табуға болады. Бірақ та жалған сайттар сол биржаның атын жамылып, алаяқтық жолмен жұмыс істейді. Олардың жалған екенін халық айыра алмайды. Сондықтан қомақты қаражаттарынан айырылып жатады. Сондықтан сайттарды ең алдымен тексеру қажет.

    Үшінші арбау тәсілі – сіздің электронды поштаңызға немесе ұялы телефоныңызға сіз ұтыс ұттыңыз деген хабарлама келеді. Кейін сол ұтып алған ұтысты шешу үшін салық төлеуіңіз керек болады. Ұтыс деген сөзді ести сала кейбір адамдар қомақты қаражатқа ие болатын болдым деп, қолдарында бар ақшаны аударып жатады. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеңіз.

    Төртінші арбау тәсілі – instagram желісі арқылы тауар сату. Оның ішінде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар, косметика немесе киім-кешек болуы мүмкін. Алаяқтар мүлдем жоқ тауарды жеткізіп береміз деп халықты сендіреді. Әлеуметтік желіде бүгінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін отырады. Әдемі киім немесе зат көрсек қызығып сатып алғымыз келеді. Тауар қатты ұнағаны соншалықты алдын ала төлем төлемді де жіберіп жатамыз. Ол дұрыс емес. Сондықтан тауарға тапсырыс бермес бұрын интернет дүкені туралы мәліметті толық тексеріңіз.

      Полиция майоры Нұргүл Күмісбекқызының айтуынша Өзбекстан мемлекетінің азаматшасы instagram желісі арқылы интернет дүкенім бар деп тауар сатып, көптеген адамдарды алдап соққан. Бүгінде ол әйелдің басында Қазақстанның барлық қалаларынан жалған тапсырыс алған түрлі арбау әдістерінен құралған 45 эпизод тіркелген.

     Бесінші түрі – алаяқ сізге банк қызметкері болып қоңырау шалады. Ол сіздің счетыңыздағы ақшаны қауіпсіз счетқа аудару керек екендігін айтып сендіреді. Немесе сіздің атыңыздан онлайн кредит рәсімдеу қаупі бар деп счетыңыздағы ақшаны сақтап қалу үшін жасырын код жібереді. Кейбір адамдар ақшасынан айырылып қалмас үшін өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адамға өзі туралы, картасындағы құпия мәліметтердің барлығын жібереді. Бірақ ол адам өз қолымен мәліметтерін қалай жібергенін де білмей қалады. Сондықтан банк қызметкері сізге хабарласып, сіздің жеке мәліметтеріңізді талап етпейді.

     Нұргүл Күмісбекқызы осы арбау әдісіне қатысты бір әйелдің онлайн түрде алаяқтардың жалған сөзіне сеніп, төрт бірдей банктен несие алғандығы жөнінде іс тіркелгендігін айтты. Сондықтан сізге қоңырау шалып банк қызметкерімін деп таныстырған адамдардың барлығына сенбеңіз. Егер сізге қоңырау шалып банк қызметкері немесе банк қауіпсіздігі қызметінен деп өзін таныстырса,

Ақпарат дереккөзі