Жолдар және көлік

Алакөл бағытында жазғы поезд шығады

  Алакөл  бағытында  жазғы  поезд  шығады

Алакөл  бағытында  жазғы   пойыз  шығады

 Жазғы  маусымда  Алакөл  бағытында  қосымша  пойыз  іске  қосылады. Бұл туралы  "Жолаушылар тасымалы" АҚ  хабарлады. "Жазғы кезеңде сұраныстың артуына байланысты" Алматы-2 - Достық" қатынасымен аптасына 2 рет қатынайтын № 221/222  коммерциялық  жолаушылар  поезы  тағайындалады", - делінген  хабарламада.

-Алматы-2 станциясынан 15 маусымнан 28 тамызға дейін сейсенбі және сенбі күндері  жөнелтіледі.

- Достық ст. 16 маусымнан 29 тамызға дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/кетуімен;

-Алматы-2 станциясына 17 маусымнан 30 тамызға дейін бейсенбі және Дүйсенбі  күндері  келеді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сайт арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуді сұрайды BILET.RAILWAYS.KZ  немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Сондай-ақ темір жол билеттерін сатып алу үшін "күту парағы" функционалын  пайдалану  мүмкіндігі  бар.

"Сондай - ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол бойында және елдің вокзалдарында маска режімін сақтауды  сұраймыз", - деп атап өтті компания өкілдері.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру