Жетісу облысындағы Үшарал әуежайында ұшып-қону жолағы кеңейтіліп, қайта жаңғыртылып жатыр. Жұмыс аяқталғанда Үшаралға үлкен ұшақтар да еш кедергісіз қатынамақ.
Ұшақ қонатын жол толық жаңартылып болып қалды. Құрылыс компаниясы жұмысын алдағы шілде айының ортасында толық бітіреді деп жоспарланған.
Сонда күніне 8 рейс қатынап, 500-дей жолаушы қабылданады.
Балқаш көліне апаратын жолдың құрылысы да назардан тыс қалмай, Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай және Лепсі – Балқаш көлі бағытындағы жолдар қаралды.
Балқашқа дейінгі жол қазір 3-санаттан 2-ші санатқа ауыстырылып, толық жаңғыртудан өткізіліп жатыр. 35 шақырымында жұмыс аяқталған.
Жол бойында бірнеше жерде аялдама кешені, эстакада, заманға сай әжетхана қойылады.
Аталған жол құрылысы жобасы кезең-кезеңімен қаржы бөлінуіне қарай жалғасады.
Жол жөнделіп біткеннен кейін Балқаш пен Алакөлге келетін туристердің қатары өседі. Үшарал әуежайы іске қосылса, қатынайтын ұшақ көбейеді. Бұл халықтың тұрмыс жағдайына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсер етеді», - өңір басшылары.
Фото: dalanews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через