фото: https://www.istockphoto.com/
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, ең жиі қолданылатын алты сөз тіркесі бар.
“Егер сіз бейтаныс адаммен телефон арқылы сөйлесу кезінде осы сөз тіркестерін естісеңіз, дереу телефонды өшіріңіз”, – деп кеңес береді ІІМ.
- Алматылық ер адам криптовалюта арқылы пайда табуға уәде берген блогерге алданып, ақшасынан айырылды
- Салық қызметкері қазақстандықтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың атына несие рәсімдеген
Ал алаяқтар көп қолданатын сөздердің қатарында:
- олар сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті транзакция тіркелді;
- SMS-пен келген кодты айтыңыз;
- тергеу амалдары жүргізілуде, алаяқтарды ұстауға және ақпаратты жарияламауға көмектесіңіз;
- несиеге өтінім берілді;
- ақшаны арнайы және қауіпсіз шотқа аударыңыз;
- банк картаңыздың/SIM картаңыздың мерзімі аяқталуға жақын.
“Полицейлер азаматтарға қырағы болуға кеңес беріп, туыстары мен жақындарына ескерту жасайды”, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін жоқ қызғалдақтарды сатып пайда таппақшы болған алматылық азамат жайлы жазылған.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через