фото: sputnik.kz
Қазақстан Ұлттық банкі "Банкноталардағы портреттер" сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
"2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты. Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Күміс монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.
Нейзильберден жасалған монеталар: әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 дана жасалды.
Коллекциялық монеталар 8 желтоқсаннан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
Ұлттық банк жаңа монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өз белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін атап өтті.
Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через