Актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко ғарышқа ұшпақшы

Актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко ғарышқа ұшпақшы

              Қазан айының 5-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ерекше экипажы бар "Союз МС-19" кемесін ұшыру жоспарланып отыр. "Ерекше экипаж" орбитада көркем фильм түсірмекші. 

             Ресейлік Бірінші арна осы шараға дайындық қалай жүріп жатқаны туралы сюжет шығарды.

             "Союз МС-19" ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына 66-шы экспедицияға қатысушы – ғарышкер  Антон Шкаплеров, сондай-ақ ғарыштағы алғашқы көркем фильмді түсіру үшін актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко аттанады.

             "Шамамен бір айдан соң орбитаға шығамыз. Түсірілім тобы ғарыш станциясында 12 күн болады. Осы уақыт ішінде фильмнің үштен бір бөлігін түсіру керек. Бұл шамамен 40 минут", – деді тележүргізушісі.

              Ұйымдастырушылар экипажды орбитаға шығарып салу салтанатына ғарышты бағындырғысы келетін миллиардерлер Илон Маск, Ричард Бренсон мен Джефф Базосты шақырған.

             "Мен бүгін Илон Маска мырзаға арнайы шақыру жолдаймын. Әрине, Брэнсон және Безос мырзаны да шақырғымыз келеді. Ғаламат үш ғарыш энтузиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді", – дейді ресейлік "Роскосмос" мекемесінің басшысы.

              17 қазанда Пересильд пен Шипенко ғарышкер Олег Новицкиймен бірге "Союз МС-18" ғарыш кемесімен Жерге қайта оралады деп жоспарланып отыр.

              “Орбитада тұңғыш көркем фильм түсіретін экипаж қазір жеке скафандрмен жаттығып жатыр”, – деп хабарлады Бірінші арна. Скафандрлар түсіру тобы үшін арнайы дайындалған.

https://sputnik.kz/