Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаевтың Жаркенттегі резиденциясы әлеуметтік нысанға айналады, деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Бұл резиденцияның аса қажеті жоқ. Ауданда жақсы қонақ үйлер мен дәмді тағамдар дайындайтын көптеген кафелер бар. Сондықтан мен резиденцияны балаларды оңалту орталығына айналдыру үшін тапсырамын. Бұл өте маңызды және қажетті нысан, оның мамандары ата-аналарға ерекше балалардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуге көмек қолын созады", - деді облыс әкімі Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Жаркенттегі бір қабатты тұрғын үйдің іргетасы 2013 жылы қаланған. Ғимараттың ауданы 910 м2, жер телімі 1 га.
Сөз соңында Панфилов ауданының әкімі ауысқанын айта кетейік. Аудандық әкімшіліктің бұрынғы басшысы Талғат Өмірәлиев өз еркімен қызметінен кетіп, оның орнына Панфилов ауданы ауданаралық әділет басқармасының бұрынғы басшысы Марат Сағымбек келген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через