Ақша салып, бәс тігетін құмар ойындары – қоғамды бұзатын, отбасын ойран қылатын ең жаман дерт деуге болады.
«Адамға еңбексіз олжаға кенелу, маңдай терсіз, жеңіл жолмен ақша табу қиялын тудыру арқылы оларды тоналуға итермелейтін індет. Бір-екі рет ойнап, құмарға әдеттенген адам оның арбауына (азартына) түсіп, соған тәуелді болады. Өзін ұстай алмайтын, еркіне ие бола алмайтын күйге енеді. Құмар ойнамаған кезінде көңілі түсіп, есеңгіреп, ал ойнаған кезінде қолындағы барынан да, жоғынан да айрылады. Отбасында, қоғамда абыройы қалмайды. Салдарында қарызға, кредитке белшеден бату, өтірік айту, ұрлық, жанжал, ажырасу, жан қиылуы секілді пәлекеттер туындайды. Сондықтан “бір рет ойнап көргенде не бар”,- деп немқұрайлық етпей, құмар атаулыға мүлдем жоламаған жөн деп жазыпты интернет пайдаланушылар.
Бұл бүгінгі қоғамдағы әрбір саналы азаматтың пікірімен ұштасып жатыр.
Standard.kz ақпарттық порталының тілшісі Кенже Жұманұлы назарларыңызға сирек кездесетін ашық сұхбатты ұсынып отыр. Бағдарламамыздың бүгінгі қонағы бұрын игроман болған, туыстары, достары мен таныстарының ақшасын талай рет алдап алған, әке-шешесінің бар ақшасын ұрлап, ойынға ұттырған. Ол бірінші рет барлық сырын ашып, жасаған теріс іс-әрекетін жасырмай, ашық ортаға салып отыр. Мақсаты жастарға, өзі секілді жаман жолға түскендерге жол нұсқау.
Фото yapsiholog.ru/zavisimost-ot-kompyuternyh-igr.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через