Тізесін бірінің үстіне бірін қойып отыратындар өзіне өте сенімді болады. Олар кез-келген қиындықтарды жеңіп шығады. Жұмыста да,тұрмыс-тіршілікте де тығырықтан оңай шығады.
Екі тізенің арасын қосып,табанын жерге төсеп отыратындар үнемі қорғаныста жүреді.Олар өз тарапынан бастама көтеруге,тізгін ұстауға жоқ адам.Жұрт оларды сабырлы санайды.Алайда,оларда тұйықтық,жасқаншақтық басым.
Екі аяғын бір-біріне матап отыратындардың өзіне сенімі жоқ. Ондай адамдар бүгін шешіп,іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды жан тыныштығының бір жолы сияқты көреді.Мұндай жандар әлденеге қол жеткізуді ойласа бойына батылдық жинап,ширауы керек.
Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылған адамдардың мінез-құлқы өктем,маңайындағыларды өзінің айтқанымен жүргізіп-тұрғызғысы келеді.Қай ортада да өзін басшы,өзгелерді қосшы болғанын қалайды.Мұндай адамдардың жұртпен тіл табысып,тіршілік етуі қиын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через