Әйелді қорлағандар қатаң жазалануы керек. Мәжіліс депутаты

Әйелді қорлағандар қатаң жазалануы керек. Мәжіліс депутаты
фото: Алихан Сариев

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті 

Сурет: Zakon.kz

ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылықтан нашар қорғалатынын айтып, жазаны күшейтуді және тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресетін жауапты мемлекеттік орган тағайындауды талап етті.

Депутаттың сөзінше, "жемқорлықпен сотталып, рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді" деген жантүршіктірер ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. 

Депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше қатаң өзгерістер заңнамаға енгізілген. Оның ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ.

"Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажет деңгейде тоқтау салмай отырғаны қынжылтады. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйелдер өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов "Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе!" деп айтқан. Ол сөзі бүгінге дейін әлі өзекті. Зерттеулерге сай 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40%-ы жеткен екен. Ондай абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босаған. Олардың тек 39%-ы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған".Депутат Жұлдыз Сүлейменова