Түркіменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктердің алдыңғы орнына отыруға тыйым салынды.
Жүргізушінің жанында ер туысы болса да, отыруға тыйым салынады.
"Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері қайтуын талап алады", – дейді Ашхабад тұрғыны.
Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған, деп хабарлайды Stan.kz.
Айта кетейік, 2018 жылы Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.
Фотосурет onlinekhabar.com сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через