Ағылшын жазушысы Джейн Остиннің кітабы аукционға қойылды

Ағылшын жазушысы Джейн Остиннің кітабы аукционға қойылды
фото: Хабар 24

       Атақты ағылшын жазушысы Джейн Остиннің кітабы Нью-Йорктегі аукционға қойылды. 

       "Сотбис" сауда үйі құнды әрі сирек жәдігерді 100 мың долларға бағалап отыр. Бұл 1775-1817 жылдары аралығында өмір сүрген жазушының ең сүйікті кітабы болған. Аталған туынды өткен ғасырдың 40 жылдарынан бері коллекция жинаушының қолында болған. Бәс сауда желтоқсанның 8-іне дейін жалғасады. Оған Джейн Остиннің тырнақалды туындылары да қойылған.

       Ақпарат дереккөзі: 24.kz