Айналамыз негізсіз ақпараттарға толып жатыр. Көп жағдайда оны жүрекке жақын қабылдап та жатамыз. Ұшақ құлап түссе, ұшуға батылымыз бармай қалады. Сәтсіз жасалынған оталарды есітіп, дәрігерге барудың өзі бір үрейге айналады. Осы секілді проблемалардан қалай арылуға болады?Психолог кеңесі: Олардың айтуынша адреналин гормонының бөлінуіне байланысты адам миы ең қолайсыз жағдайларды еске түсіріп, айналдыра бастайды. Сонымен, ұшаққа отырудан қорқуды жеңудің бір жолы - тыныс алудың арнайы тәсілдерін қолдану. «Үстірт емес, тереңірек, ішпен дем алуға тырысыңыз. Қолыңызды асқазанға қойыңыз, сонда ауа асқазанға қалай толатынын және қалай босататынын сезесіз », - дейді мамандар.Сонымен қатар, ароматерапия да қорқынышты жоюға көмектеседі. Маман жоғары сапалы эфир майларын - жалбыз және лаванда сығындыларын қолдануға кеңес берді, білекке жағып, жақсылап ысқыланса, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Саяхатшыларға ұшу әуежайында сақталатын ережелерді әрдайым нақтылап отыруға кеңес беріледі, өйткені олар Көлік министрлігінің бұйрығында көрсетілген жалпы нұсқаулардан өзгеше болуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через