Адамзаттың бестен бір бөлігі кедейлікке ұшырауы мүмкін

Адамзаттың бестен бір бөлігі кедейлікке ұшырауы мүмкін
фото: https://sputnik.kz

Адамзаттың бестен бір бөлігі кедейлікке ұшырауы мүмкін

Бидай мен арпаның әлемдік өндірісінің 30%-і, жүгерінің бестен бір бөлігі және күнбағыс  майының  жартысынан  астамы  Украина  мен  Ресейге тиесілі.

Украинадағы дағдарыс адамзаттың бестен бір бөлігін, яғни 1,7 миллиард адамды кедейлік пен аштыққа душар етуі мүмкін, деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.

"Украинада болып жатқан трагедияны бәріміз көріп отырмыз. Бірақ соғыс бұл елден басқа дамушы әлемге де кесірін тигізді. Дағдарыс 1,7 миллиардқа дейін адамды, яғни адамзаттың бестен бір бөлігін кедейлік пен аштыққа душар етуі мүмкін. Мұндай жағдай бірнеше онжылдық бойы болмаған", - деді БҰҰ бас хатшысы.

Бидай мен арпаның әлемдік өндірісінің 30%-і, жүгерінің бестен бір бөлігі және күнбағыс майының жартысынан астамы Украина мен Ресейге тиесілі, деді Гутерриш. Осы екі елдің астығы әлемдегі ең кедей тұрғындарға жеткізіледі. Олар нашар дамыған 45 елге бидайдың үштен бір бөлігінен астамын импорттайды, деп атап өтті БҰҰ бас хатшысы.

Гутерриштің айтуынша, соғыс шаруалардың егін жинауына кедергі келтіреді, порттардың жабылуына, астық экспортына тосқауыл болады. Сондай-ақ, жеткізілім тізбегі бұзылып, баға күрт өседі.

"Көптеген дамушы елдер Сovid-19-дан енді есін жиып жатыр. Олардың қарыздары мен инфляция күрт өсті. 2022 жылдың басынан бастап бидай мен жүгері бағасы 30%-ке артты. Былтыр Brent маркалы шикі мұнай бағасы 60%-тен астам, ал газ бен тыңайтқыш бағасы екі еседен астам өсті", - деп еске алды Гутерриш.

Гутерриштің айтуынша, азық-түлік жағдайын түзету үшін БҰҰ барлық мемлекетті ашық нарықтарды қолдауға, негізсіз және шамадан тыс экспорттық шектеулерге жол бермеуге, сондай-ақ аштық қаупі жоғары елдерге қор ұсынуға шақырады.

Мәтіндегі ақпарат туралы