Адамзат тарихындағы ең ірі жануар табылды

Адамзат тарихындағы ең ірі жануар табылды
фото: Baq.kz

Адамзат тарихындағы ең ірі жануар Перуден табылды. Кит 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

Ұзындығы - 20 метр, ал салмағы 340 тоннадан асады. Бұған дейін Аргентинадан табылған динозавр әлемдегі ең ірі жануар деп есептеліп келген еді. Оның салмағы - 76 тонна. 

Перуден табылған кит теңіздің жағаға жақын бөлігінде тіршілік еткен. Әзірге бұл киттің бас сүйегі табылған жоқ. Бірақ жамбасы, 12 омыртқасы мен 4 қабырғасы бар. Мұның өзі бізге көп ақпарат береді, - дейді палеонтолог  Родолфо Салас Гисмонди.

Baq.kz