фото: presscenter.kz
Ғалымдар жүргізген зерттеу адамдар 30 жастан асқан соң ғана есейетінін көрсетті, деп хабарлайды Ladbible басылымы.
Нейробиолог мамандардың пікірінше, 18 жастағы адам толыққанды ересек адам емес, өйткені оның миы осы жастан кейін де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.
Кембридж университетінің профессоры Питер Джонстың BBC-ге баяндауынша, балалық шақтан ересек өмірге өту біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі.
Джонс және оның әріптестері өз зерттеулерінде 14 пен 24 жас аралығындағы 297 еріктінің миын бақылау үшін МРТ қолданып, сол арқылы 18 жастан кейін мидың әлі де дамып жетілетінін анықтады.
Джонстың шамалауынша, жасөспірімдерге «ересек» ретінде қарау әлеуметтік себептермен ғана «ыңғайлы». Дегенмен, ол тәжірибелі қылмыстық судьялар 19 жастағы сотталушы мен 30 жастан асқан қылмыскер арасындағы айырмашылықты түсінетінін айтты.
“Балалық шақ, одан кейін бірден ересектік деген ұғым жоқ. Адамдар қозғалыста, олар траекторияда», - деді Питер Джонс.
Дереккөз ҚазАқпарат .
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через