Адам саудасы тыйылмай тұр

Адам саудасы тыйылмай тұр
фото: https://opennews.kz

       Елде адам саудасы бойынша жыл басынан бері 100-ден астам қылмыс тіркелді.

       Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Басқарма бастығы осылай деді. Самат Құсетовтің айтуынша, қылмыстардың бесеуі эксплуатациялау мақсатында бостандығынан заңсыз айыру, ал 14-і жезөкшелікке тарту фактісі болған. Құлдыққа түсуге себеп болатын факторлар бар. Яғни азаматтардың құқықтық сауатының болмауы, арзан жұмыс күшінің қолжетімділігі, интернеттің ықпалы және шетелдіктердің «заңсыз» мәртебесі сеп, дейді Самат Құсетов.

       Самат Құсетов, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқарма бастығы:

       - Жыл басынан бері 110 қылмыс тіркелді. Олардың көбі сексуалдық эксплуатациялау, еңбекке мәжбүрлеу, асырап алу үшін жаңа туған балаларды сату, қайыр сұрату мен адам ағзасын саудалау мақсатында жасалған. Адам саудасымен айналысатындар материалдық жағдайын жақсарту үшін түрлі әрекетке барады. Қазіргі таңда ұйымдасқан 5 қылмыстық топтың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Ақпарат дереккөзі:  www.24.kz