фото: https://sputnik.kz
Таза судың ағзаға пайдасы туралы іс жүзінде бәріміз де білеміз, бірақ әркім суды тұтыну нормасы туралы біле бермейді.
Су ағзадағы қоректік заттарды тасымалдап, денедегі токсиндерді кетіреді. Дененің температурасын реттеп, ылғалдандырады. Адамның буындарын шамадан тыс жүктемеден қорғайды. Ол біздің денеміздегі көптеген химиялық реакцияларға қатысады, дейді мамандар.
Ересек адам тіпті қозғалмаса да тыныс алу, тағамды қорыту және терлеу арқылы күніне орта есеппен 1,5 -тен 2 литрге дейін су жоғалтады. Осы 1,5-2 литр судың орнын толтыру керек.
Климаты ыстық өңірлердің тұрғындары ағзаның сусыздануынан сақтану үшін одан да көп су тұтынуы тиіс.
Ғылыми ұйымдардың жалпы ұсыныстарына сәйкес дені сау ересек адамға дене салмағының әр килограмына күніне шамамен 35 мл су қажет.
Салмағы 50 кг адам күніне - 1,7 л;
60 кг - 2,1 литр;
70 кг - 2,4 литр;
80 кг - 2,8 литр су ішу қажет.
Негізгі ереже: салмағы неғұрлым көп болса, соғұрлым көп су ішу керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через