Адам бетіне қарап байқауға болатын бауыр зақымдалуының 5 белгісі

Адам бетіне қарап байқауға болатын бауыр зақымдалуының 5 белгісі
фото: UDF

     Бауыр қызметінің ең басты міндеттерінің бірі – органның өзі арқылы өткізетін қанды қажет емес қалдықтардан босатып сүзгілеуі. Бірақ бауырға бірдеңе болса да, адам ол жайлы ұзаққа дейін білмей жүре беруі мүмкін. Себебі бұл орган айлап немесе тіпті кейде жылдап ауырмайды. Алайда дәрігер Ромеш Ангунавела бауыр зақымдалғанын адам бетіне қарап байқауға болатынын айтты.

     Кең тараған диагноздардың бірі – майлы бауыр ауруы. Бұл кезде бауыр жасушаларына май жиналады. Бұл органның түрлі уытты әсерлерге реакциясы және қандай да бір аурудың, ағзадағы патологиялық өзгерістің белгісі болуы мүмкін. Жиі бұл аурумен артық салмағы бар адамдар қиналады.

     Майлы бауыр ауруына әркез тек алкоголь кінәлі емес. Мысалы, сүзгі-орган дұрыс емес тамақтанудан, майлы және тұзды тамақтың көп болуынан, физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен қиналуы мүмкін.

     Дәрігер Ромеш Ангунавеланың айтуынша, бауыр зақымдалуының кей белгілерін айнадан көруге болады. Оларға мыналар жатады:

     Бет терісінің сарғаюы және/немесе көз ағының сарғайып кетуі;
     Бет терісінің қызаруы. Мысалы, бетіңіз қазір жүгіріп келгендей қызарып тұрады;
     Бетте ұсақ "жіптердің" пайда болуы, яғни ұсақ қантамырларыңыз көрініп тұратын болып кетті;
     Розацеа;
     Бетіңіз оған жұқа қабат балауыз жағып қойғандай көрінеді.

     "Мысалы, ағзада билирубин деңгейі артып кеткендіктен, бетіңіз және көзіңіз сарғыш бола түседі. Егер бауыр дұрыс қызмет етпесе, билирубин босап шыға алмайды", - дейді Ромеш Ангунавела.

     Егер бауыр қиналса, тек майлы бауыр ауруы емес, сондай-ақ, цирроз, гепатит, өт қабына тас байлану және басқа да қауіпті патологиялар пайда болуы мүмкін.

     Сондықтан, күмән тудыратын белгілер немесе өзгерістер байқасаңыз, бірден дәрігерге көрінген жөн.

     Ақпарат дереккөзі: massaget.kz/