Абайлаңыз! Қаржы пирамидасы!

Абайлаңыз!  Қаржы пирамидасы!

Алматы полицейлері тұрғындарды қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырды, деп хабарлады  Standard.kz порталы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

 Тәртіп сақшылары азаматтарға сақ болуды және аңғал болмауды ұсынды, сондай-ақ, қаржы пирамидасын қалай анықтауға болатынын айтты.

 «Қаржы пирамидасы - кең таралған алаяқтықтың тағы бір тәсілі.  Жаңа қатысушылардан үнемі қаражат тарту арқылы құрылым мүшелеріне кіріс беру жүйесі.  Әдетте, пирамиданың бірінші қатысушыларының табысы кейінгілердің қаражаты есебінен төленеді.  Көп жағдайда шынайы табыс көзі жасырылады, оның орнына жалған немесе танымал емесі жарияланады», – дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

 Қауіпсіздік шаралары:
 - депозиттерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Ұлттық Банкі) лицензиясының болуына назар аудару.
 - ұйымда, оның жарғысында, мемлекеттік тіркеуде белгілі бір қызмет түрінің болмауы.
 - салынған қаражаттың сақталуына кепілдіктердің жоқтығы
 - несие нарығындағы орташа деңгейден асатын салынған қаражаттың негізсіз жоғары табыстылығы туралы уәде.
 - міндетті кіру жарнасы.

Фото LSM.KZ