фото: https://kursiv.kz
Абай облысында заңсыз кен өндірушілер ұсталды
Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру тоқтатылды.
Сайт дерегінше, қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар.
Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы “Еділбай” учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 «алтын іздеуші» ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді» делінген хабарламада.
Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша «іздеушілер бригадасын» жинаған, заңсыз цехтардың иесі, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.
Құндызай Өтеген
kursiv.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через