фото: https://pixabay.com/ru/
Боғас өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Кіндікті ауылына апаратын көпірдің жол төсемін қызылсу шайып кетті.
Көпірдің құрылымы бұзылмаған. Алайда, айналма жолдар жоқ, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шектеу белгілері орнатылып, Ақсуат ауданы полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік қызметін атқарады.
Кіндікті ауылында 662 тұрғын, 147 үй бар. Ауыл тұрғындарына қажетті тұрмыстық заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через