90 пайыз адам бұл жер туралы білмеген

90 пайыз адам бұл жер туралы білмеген

     Блогер Әсет Мырзабаев әлеуметтік желідегі оқырмандарына Қазақстанның батысындағы Ақтолағай үстіртінде орналасқан әдемі бор жартасын көрсетті.

     Қазақстандықтардың 90 пайызы бұл жер туралы білмейтініне сенімдімін. Бұл Ақтөбе облысында орналасқан, Актолагай деп аталады. Бұл жерде Марста болғандай әсерде боласыз, - дейді блогер видеода.

     Әсет тау жотасы Ақтөбе облысы Байғанин ауданының аумағы арқылы 90 шақырымға созылғанын айтты.

     Үстірт өзінің ғарыштық ландшафттарымен қызықтырады. Таңқаларлық формадағы ақ жартастар айналадағы рельефке мүлдем қарама-қайшы келеді. Сыртқы түрі бір уақытта ветернге және өзге ғаламшарға ұқсас. Мыңдаған жылдар бойы жел мен су монолиттерді ерекше формадағы жартастары бар массивке айналдырғаны белгілі. Ежелгі уақытта бұл жер қазіргі Қара, Каспий, Арал теңіздерін біріктіріп, қазіргі Венгрияға дейінгі аумақты алып жатқан Сармат теңізінің түбі болған. Әлі күнге дейін сол кезде теңізді мекен еткен моллюскалар, мегалодон акулаларының қалдықтары табылып жатады, - деп бөлісті блогер.

     Ол сондай-ақ Қазақстанның барлық дерлік аймағында, сондай-ақ әлемнің 30 елінде болғанын атап өтті.

     Саяхаттау дегеніміз-бізді күн сайын білуге, зерттеуге, жаңа нәрселерді көруге, әлемді жаңа қырынан танып-білуге көмектеседі. Біз жаңа нәрсені көргенде, әлемге басқаша қарай бастаймыз. Сондықтан менің мақсатым - мүмкіндігінше көп елге, жерге бару және зерттеу. Бізде, Қазақстанда, керемет жерлер аз емес. Сондықтан көбірек саяхаттауға және шекараны кеңейтуге кеңес беремін, - деп қорытындылады блогер.

      Ақпарат дереккөзі