фото: sputnik.kz
© Photo : Pixabay / TeroVesalainen /
Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді, деп хабарлады Polisia.kz.
Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады. Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, полицияға тіркелу үшін кепілдік шарттарының бірнеше қағаз данасын тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын. Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызды.
Автокөліктен кепілдікті алу кезінде де банктен несиені толық өтегені туралы жазбаша растау қағазын алу қажет болды, содан кейін оны полицияға тапсыру міндетті еді.
"Аталмыш процесті жеңілдету үшін ІІМ полиция қызметін қағазбастылықтан арылтып, цифрландыру аясында кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды. Қазір тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қою жеткілікті", - деп жазылған хабарламада.
Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.
Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электронды көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через