9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

9 мамыр – асқақ рух пен ерліктің белгісі.Сондай-ақ бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығын, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мейрам. 

Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. 9 мамыр Қазақстанмен қатар, өзге де ТМД елдерінде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді.

Батыр бабаларымыздың даңқты жолы қашанда елдің айбынын асырып, ұрпаққа ұран болып қала береді. Біз майдан даласында жанқиярлық танытқан аталарымыз бен әкелеріміздің қайсарлығын ешқашан ұмытпаймыз.

Сұрапыл соғыс жылдарында отандастарымыз қайсарлық пен қаһармандықтың теңдессіз үлгісін танытты. Майданға аттанған жауынгерлеріміздің тең жартысы ұрпақтың болашағы үшін жанын пида етті. Жеңіске тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Олар ел басына күн туғанда халқымыздың жұдырықтай жұмыла білетінін ерен еңбегімен дәлелдеді.

Жеңіс күніне орай кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Фото shutterstock.com, newtimes.kz