фото: https://sputnik.kz
72 жастағы ақсақал-саяхатшы Маңғыстау өңіріне жаяу жетті
Ақсақалды Бейнеу - Боранқұл тас жолында Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қарсы алды.
Айта кетейік, 72 жастағы ақсақал-саяхатшы Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. Оның айтуынша, ол бұл сапарды алты жыл бұрын жоспарлаған.
Қарағанды облысынан батыс өңірге қарай жол тартқан саяхатшының ең соңғы нүктесі — Ақтау қаласы.
Ақсақалды күтіп алған патрульдік полицейлер - лейтенант Н. Шыңғыс пен аға сержант Қ. Пиржанов оның хал-жағдайын біліп, алдағы сапарына ақ жол тіледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через