Су және ауа

7 қалада ауа сапасы нашарлайды

  7 қалада ауа сапасы нашарлайды

3 сәуірде республиканың бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

       Синоптиктер болжамынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Басқа қалаларда метеожағдай норма шегінде болады.

       Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

       ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

       Ақпарат дереккөзі

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру