Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
Үкімет кулуарында министрге « 5G интернет орнатылса ұялы байланыс тарифі қымбаттай ма?» деп сұрақ қойылды.
Әрине әрбір нарықта болған өнімнің өз тарифі болады. Қазіргі таңда Алматыда қосылып жатқан локациялардан олар арнайы тарифтерді 5G-ге әлі қоспады. Бірақ әрине әрбір оператордың нарыққа сай өз ойлары бар. Сондықтан, олар өнімді аяқтап, жариялайтын болады, - деп жауап берді Бағдат Мусин.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через